Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілген көмек
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілген көмек
2,798
оқылды
Жаңа оқу жылы басталса да, әлі мектепке толыққанды дайындалып үлгермеген балалар бар.  Олар – әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар. Уақыт өтсе де, тұрғындарын ұмытпайтын, көмек қолын соза білетін жандар бар. Солардың арқасында бір емес, бірнеше отбасына көмек көрсетіліп, мектепке қажетті дүниелермен қамтамасыз етілді. Жаңақорған кентінің тұрғыны Нәзігүл Нұрман көмекке зәру жандардың бірі. Өзінің құлағы естімейді, ІІІ топ мүгедектігі белгіленген. Үнемі аппаратпен жүреді. Биыл екі баласын мектепке дайындауға мүмкіндігі болмады. Содан екі баланың анасы Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық  «AMANAT» партия филиалына байланыс желісі арқылы көмек сұраған. Нәтижесінде, оның өтінішін аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Арман Мажитов қарап, мәселенің мән-жайымен танысты. Сөйтіп, Нәзігүл Нұрманның балаларына сабаққа қажетті құрал-жабдық пен сөмке «Мектепке балаларды даярлайық» акциясы бойынша демеушілер есебінен берілді. Сол секілді Әбдіғаппар ауылының тұрғыны  Маржан Ағаділоваға да осындай көмек көрсетілді. Жалғызбасты ана қазір жұмыссыз, алты баланы тәрбиелеп отыр.