Барымташылар басынып тұр
Барымташылар басынып тұр
636
оқылды
Қарағанды облысында мал ұрлығы ба­сы­лар емес. Алда қыс. Осы шақта барым­та­шылар жырғап қалады. Өйткені күздік, со­ғым уақытында ет жеушілер саны ар­та­ды. Базар жағалаған халық қызыл­сырай­тыны шындық. Мал ұрлығының алдын алу үшін Қарағанды об­лысы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар және облыстық тасжолдарға 18 жылжымалы блок­бекет қойылды. Оның құрамына кри­ми­нал­дық, учаскелік және патрульдік полиция қыз­мет­керлері тартылды.
– Қазір дәстүр бойынша күздік және соғым уа­қыты жақындап келеді. Бұл кезде барым­та­шы­лар­дың да халықтың малына тыныштық бер­мей­тіні анық. Солардың кесірінен төрт түлігін баптап отыр­ған шаруақожалық иелері жапа шегеді. Өт­кен аптада ғана осы тасжолда патрульдік поли­ция батальонының қызметкерлері ешқандай құ­жат­сыз 6 жылқы әкеле жатқан автокөлікті тоқ­татты. Тексере келгенде жылқылардың жайы­лым­нан ұрланғаны анықталды. Қазір күдікті ұсталып, тер­геліп жатыр, – деді Қарағанды облыстық По­лиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Ол «Қарқаралы-Қарағанды» тасжолындағы блок­бекетке түскен қызметкерлерге нұсқама өт­кізіп, полиция қызметкерлерінің алдына ет өнім­дерін тасымалдап келе жатқан автокөліктерді тек­серу барысында өнімдер құжатының болуын, мал­дың ұрланған не болмаса өз малы екенін анық­тау бойынша міндеттер жүктеді. Өңірде жыл басынан бастап мал ұрлығына байланысты 47 дерек тіркелген. Кешенді іс-шаралардың барысында полиция қызметкерлері 22 қылмысты ашты. Сондай-ақ тұрақты түрде мал ұр­лығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды. Олардың 14 қылмысқа қатысты­лығы анықталып, қазір іс сотқа жіберілді. мал ұрлығы Міне, осыған байланысты Қарағанды облысының Полиция департаменті тұр­ғындардан полиция қызметкерлері өткізіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрады. Жақында Нұра аудандық полиция бө­лімі ауданға қарасты ауылдардың бірінде мал ұрлығының екі дерегін тіркеді. Бірінші жағдайда мал шаруашылығымен айналы­сатын серіктестіктің екі жылқысы ауылдан 40 шақырым жердегі жайылымнан жоғалды. Келтірілген шығын 700 мың теңгені құ­раған. Ал екінші жағдайда 31 жастағы ауыл тұрғыны өзінің ұсақ малының жоғалғанын айтқан. Келтірілген шығынды жәбірленуші 50 мыңға бағалады. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді іс-ша­ралар барысында мал ұрлығымен айна­лысқан 2 адам ұсталды. Олардың бір-бірі­нен бөлек қылмыс жасағаны анықталды. Мәселен, 2 бас жылқы ұрлаған 33 жастағы күдікті жәбірленушінің жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бақташы болып жұмыс істегені анықталды. Ал ұсақ малды ұрлаған 63 жастағы тұрғын жәбірленушінің ауылдасы екені белгілі болды. Екі факті бойынша да айғақ заттар тәркіленіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабына сәйкес қылмыс­тық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Иә, біреудің затын, малын ұрлау – ауыр қылмыс. Мал ұрлығының алдын алу бағы­тында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «2021-2023 жылдардағы ұр­лыққа қарсы іс-қимыл» арнайы бағдарла­маны да бекіткен. Оның ішінде мал ұрлы­ғының алдын алу және ашылуын жандан­дыру үшін учаскелік полиция инспек­торларының жұмысы қайта қаралып, бұрын мал ұрлығы қылмысын жасағандар қатаң бақылауға алынды. Яғни, мал ұрлығы қыл­мыс санаты бойынша ауыр түріне ауыс­тырылды. Бұл дегеніміз, осы мал ұрлығына арналған баптың бірінші бөлігінде мал ұрлығының жазасы қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркілене отырып, үш мың АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер мал ұрлығы топпен және ірі көлемде жасалса, 7 жылға бас бостандығынан айы­руға дейін барады. Мал ұрлығын бірнеше рет немесе қоражайға кіру арқылы жасаса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айы­рылады. Егер мал ұрлығы қылмыстық топ арқылы немесе аса iрi мөлшерде жасалса, мүлкi тәркiленіп, 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қарағанды облысы