Роботпен сөйлесуді үйренейік: ChatGPT-ден қисынды жауап алудың 5 жолы
Роботпен сөйлесуді үйренейік: ChatGPT-ден қисынды жауап алудың 5 жолы
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Jonathan Raa
1,176
оқылды
Бұл материал 6 минутта оқылады ChatGPT – қолданушының сұрауына жауап беретін мәтіндік жауаптар жасай алатын қуатты жасанды интеллект жүйесі. 2023 жылдың 14 наурызында қолданысқа ұсынылған нейрондық желінің GPT-4 жаңа нұсқасы айтарлықтай жетілдірілді. ChatGPT-ді жасаушы OpenAI компаниясы өз өніміне былай баға берді: «Көптеген жағдайда адамдарға қарағанда қабілеті төмен болғанымен, GPT-4 әртүрлі кәсіби және академиялық сынақтарда адамға ұқсас өнімділікті көрсетті. GPT-3.5 адвокаттық емтихан тапсырған ең нашар 10 адамның нәтижесін көрсетсе, GPT-4 ең үздік 10 адамның нәтижесін көрсетті». SlashGear технологиялық платформасы GPT-4-ден дұрыс және сапалы жауаптар алу үшін қажет болатын 5 кеңес ұсынады. Aikyn.kz осы кеңестерді талдап түсіндіреді. [caption id="attachment_247731" align="aligncenter" width="1949"] width= Фото news.com.au сайтынан алынды[/caption] ChatGPT – бұл пайдаланушы сұрақтарына автоматты жауап беретін құрал ғана емес. Шындығында, ЖИ жүйесімен жұмысты жақсартудың көптеген жолы бар. ChatGPT платформасының жетілдірілген терминология мен сұрауды енгізу методологиясын білген қолданушы жақсы нәтижелер ала алады.
Мысалы, қолданушы: «...мен 10 жастағы бала сияқтымын» немесе «...Уильям Шекспир стилінде» деген қосымша түсініктеме енгізіп, 10 жастағы баланың немесе атақты ақын-драматургтің деңгейінде жауаптар алады.
Бұндай тегтер егжей-тегжейлі және стилистикалық дұрыс мәтін құруға көмектеседі және қолданушыға платформаны барынша пайдалы етеді. Ал осындай қисынды нәтижелерге қол жеткізу жолдары мынадай. [caption id="attachment_247732" align="aligncenter" width="1805"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Jaap Arriens[/caption] Бірінші. Мақсатты аудиторияға негізделген сәйкес тегтерді қосу. SlashGear журналистері ChatGPT-ден «ұшуды» үш түрлі стильде түсіндіруді сұраған: стандартты, Уильям Шекспир стилінде өлеңмен және 10 жасар балаға түсіндіру. ЖИ үшеуіне де толық, сапалы жауап берген.
10 жастағы балаға: «Ұшақтар жерден көтерілу үшін қанаттарын пайдаланады. Ұшақ үлкен желдеткіштер сияқты қозғалтқыштармен жұмыс істейді...» деген түсінікті әрі толымды жауап ұсынылды.
Екінші кеңес. ChatGPT қолданбасын AI кеңестерін жасау құралы ретінде пайдалану. Чат-ботты қолданушылар сұрақ қойып, нақты мәтіндер бойынша немесе кескіндерді пайдаланады. Чат-боттан бейнелеуге арналған сұрауларда қолданушы талап еткен эстетикалық деңгейге жету үшін қосымша атрибуттарды, сипаттарды нақтылау немесе сөз тіркестерін енгізу қажет. Қолданушы осылай бірнеше мәрте нақтылау арқылы өзін қанағаттандыратын жауаптарын алады. [caption id="attachment_247733" align="aligncenter" width="1225"] width= Фото thatauditguy.com сайтынан алынды[/caption] Үшінші. ChatGPT мәтінді жақсырақ түсіну үшін жеңілдетіп, аудара алады. ChatGPT-ді белсенді қолданушылар тағы бір мүмкіндікті байқаған – бұл ЖИ күрделі мәтінді түсінуге жеңілдетіп береді. Бұл тіл үйреніп жүргендер мен студенттер үшін тамаша функция. Олар күрделі әрі сапалы оқу материалдарын өздеріне түсінікті етіп, жеңілдетіп беруге ChatGPT-ге жүгіне алады.
ChatGPT мәтінді бір тілден екінші тілге аудара алады, бұл тіл үйренушілерге салыстыру және тіл құрылымын егжей-тегжейлі зерттеу үшін үзінділерді жылдам аударуға жол ашады. ChatGPT аудармаға арналмағанымен, AI чат-боты жауап беруге үйретілгендіктен ол аудармашы қызметін де орындай алады.
Төртінші. AI жауаптарды кесте түрінде көрсете алады. ChatGPT-ден жауапты «кесте түрінде» көрсетуді сұрауға болады. Жауаптарды осылай формада алу әлдеқайда пайдалы әрі нәтиженің оқылуын жақсартады. Мысалы, жауап диаграммалармен толықтырылса деректер мен күрделі ақпаратты түсіну оңайырақ болады.
Сондай-ақ, кестені Microsoft Excel оқи алатын пішімге экспорттауға болады. «Жауапты CSV түрінде форматтау» деген команда Excel бағдарламасына импорттауға және басқа өнімдерімен бірге пайдалануға болатын нәтиже береді.
Бесінші. ChatGPT атақты кейіпкердің сипатына ие болуы мүмкін (соның ішінде кейбір нақты өмірдегі адамдардың). ChatGPT атақты немесе клише стиліндегі жауаптарын ұсына алады. Чат-боттан жауап сұрап және «егер сіз мынадай болсаңыз...» түймесін басу арқылы кез келген стильдегі жауап алуға болады (мысалы, Энтони Хопкинс стиліндегі жауаптар). [caption id="attachment_247734" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото hiilite.com сайтынан алынды[/caption] Чат-бот уақытты қызықты, мағыналы өткізуге де көмектеседі. Балаларына ұйықтар алдындағы ертегі іздеген ата-ана үшін де пайдалы функция. ChatGPT бүгінгі адам өмірін қаншалықты өзгертуге болатынын көрсеткен алғашқы өнім. Күн өткен сайын оның мүмкіндіктері жетіліп келеді.
Бір жағынан, жасанды интеллектің мүмкіндіктері адамның өмірін жаңа мазмұнмен толықтырып, ыңғайлы етуге бағытталса, екінші жағынан, Илон Маск, Стив Возняк және Эван Шарп сияқты технологиялық жаңашыл тұлғалар оның қауіпті екенін ескертеді.
Олар 22 наурызда ЖИ жасаушы компаниялар мен зертханалар ChatGPT сияқты нейрондық желі жасауды 6 айға дейін тоқтатулары қажет екенін айтып дабыл қағуда. Олар екі ұсыныс жасаған: Біріншіден, зертханалар мен тәуелсіз сарапшылар кем дегенде алты ай бойы GPT-4-тен жоғары барлық жүйелерді оқытуды дереу тоқтатуы керек. Бұл үзіліс тәуелсіз сарапшылар бақылайтын неғұрлым қуатты жүйелер үшін қауіпсіздік хаттамаларының ортақ жиынтығын бірлесіп әзірлеу және енгізу үшін керек. [caption id="attachment_247735" align="aligncenter" width="1225"] width= Фото incrypted.com сайтынан алынды[/caption] Екіншіден, ЖИ әзірлеушілері үкіметтік органдармен, саясаткерлермен бірлесіп жұмыс істеп, ЖИ қызметін құқықтық, этикалық тұрғыда реттеу, тексеру және сертификаттау жүйесін жасап, бақылау тетіктерін бекітуі керек. Aikyn.kz бұған дейін ChatGPT туралы бірнеше материал жариялады. Оларды мына сілтемелерден оқуға болады: біріншіекіншіүшіншітөртінші, бесінші. Адам баласы тағы бір күрделі дилемманың алдында тұр. SlashGear технологиялық платформасы өзінің материалында:
«Бұл мақала 100% түпнұсқа, нақты тірі адамдар жазған және өңдеген. Біз жасанды интеллект құралдарын контент жасау үшін, идеялар туғызу үшін пайдаланбаймыз» деген ескерту жазған.
Болашақта мұндай ескертулерді адам қолымен немесе ЖИ жасаған өнімдерді ажырату үшін әрбір медиа құралы міндетті жазып тұратын болады деп ойлаймыз. Өз кезегімізде біз де қазақ ақпарат кеңістігінде тұңғыш рет мынандай мәлімдеме жасаймыз: Aikyn.kz бұл материалды әзірлеуде жасанды интеллект жүйелерін, нейрондық желілерді қолданған жоқ.