U9 көлігі билейді және секіре алады. Бұл – фантастика!
Қытайда билейтін, секіретін электромобиль жасалды
1,802
оқылды

Электр көліктерін өндіруші BYD электромобильдерде қолданылатын бірнеше ғажайып технологиясын Yangwang U9 EV суперкарында көрсетті. Тұсаукесерде сары U9 көлігі тек үш дөңгелегімен қозғала алатынын көрсетті. Тікелей эфир кезінде U9 көліктің аспасын (подвеска) еденге түсіріп, қайтадан көтеру арқылы би билеу және секіру қабілетін көрсетті. Қытайлық технологияның таңғажайыбын SlashGear платформасына сілтеме жасап, Aikyn.kz түсіндіреді.

 

Фото carnewschina.com сайтынан алынды

BYD өзінің хабарламасында U9 жаңа интеллектуалды DiSus корпусын басқару жүйесімен жабдықталғанын айтады. Болжам бойынша, жаңа жүйе жүргізушілерге электр көлігінің аспа жүйесін бақылауға және еш қиындықсыз жүру биіктігін өз қалауы бойынша көтеруге және төмендетуге мүмкіндік береді.

Үш доңғалақпен қозғалу доңғалақ кенеттен жарылып кеткен жағдайда апаттан сақтайтын өмірлік маңызы бар функция деп бағаланып отыр. Ал билейтін көлікке деген сұраныс жастар тарапынан зор болуы мүмкін.

Сарапшылар қандай керемет болса да BYD көліктері үшін Америка Құрама Штаттарының нарығы жабық екені белгілі. Сондықтан АҚШ компаниялары өз нарығындағы электр көліктерін билету үшін ғылыми зерттеулер жүргізіп, ізденіс жасауы керек.

Фото BYD компаниясының сайтынан алынды

Ал BYD-тің жаңа аспа жүйесі автомобильді шынымен-ақ секірте алады. Мына видеолардың сілтемесі соған дәлел:

 

BYD пресс-релизіне сәйкес, DiSus жүйесі толығымен қытайлық инженерлердің тапқан жаңалығы және New Energy Vehicles көліктерінде орнатылуда. Олар DiSus жүйесінің үш түрлі нұсқасын ұсынады: DiSus-C, көліктің демпфингін (көліктегі тербелістерді жасанды түрде басу) басқарудың интеллектуалды жүйесі; DiSus-A, ауа корпусын басқарудың интеллектуалды жүйесі; DiSus-P, көлікті интеллектуалды гидравликалық басқару жүйесі.

Фото reddit.com сайтынан алынды

Жүйенің қалай жұмыс істейтіні туралы нақты мәліметтер құпия болып саналады. Таныстырылымда сахнаға шығарылған сары суперкар U9, BYD DiSus-X жүйесі деп атайтын жүйемен жабдықталған. DiSus-X корпусын басқару жүйесі мен U9-ның өзіне арналған техникалық сипаттамалар әлі жарияланған жоқ.

BYD сонымен қатар DiSus-C жүйесі BYD Han, Tang және Denza электр көліктері үшін сымсыз жаңарту арқылы қолжетімді болатынын айтады. DiSus-P гидравликалық жүйесі алғаш рет Yangwang U8 жол талғамайтын көлікте орнатылмақшы. Қазіргі уақытта бұл технологияны АҚШ-қа енгізу жоспарлары белгісіз.