Сарапшылар адамға ұқсайтын робот жасау қорқынышты екенін айтып жатыр. Адамнан ақылды роботтар адамға қарсы көтеріліс бастауы мүмкін дейді.
Адамға ұқсайтын робот шығару өте қорқынышты
1,989
оқылды

Бүкіл әлемді дүрліктірген ChatGPT чат-ботын жасаушы OpenAI компаниясы жақын болашақта ЖИ-дің GPT-4 үлгісін жаңартып, оның GPT-5 деп аталатын келесі деңгейдегі өнімін шығармайтынын хабарлады. Оның орнына компания GPT-4 үлгісін жетілдіріп, кемшіліктерін түзетумен айналысатын сияқты. Slash Gear платформасында жарияланған мақалаға сүйене отырып Aikyn.kz неліктен OpenAI компаниясы жаңа нұсқаны жасауға дайын емес екенін талдайды.

Фото androidinsider.ru сайтынан алынды

Наурыз айында компания GPT-дің жетілдірілген 4-нұсқасын қолданушыларға ұсынды. GPT (Generative Pre-trained Transformer) ағылшын тілінен аударғанда генеративті алдын ала оқытылған трансформер деген мағына береді. Жаңа нұсқада қосымша функциялармен қоса мультимодальдік, яғни, бірнеше коммуникациялық тәсілдерде: мәтіндер, аудио мен визуалды ресурстарды талдау мүмкіндіктерін қосты. 

Mассачусетс технологиялық институтында жақында өткен бейнеконференцияда OpenAI-дің бас директоры Сэмюэл Олтмен Microsoft-пен тығыз әріптестік орнатқан компания қазір GPT-5 нұсқасын әзірлемейтінін айтты. 

GPT-4 шығарылғаннан кейін Twitter-дегі бірнеше ЖИ сарапшылары нейрондық желілер қазіргі қарқынмен дамитын болса GPT-5 2023 жылдың соңына қарай шығуы мүмкін деген болжам айтқан. Бірақ Олтмен мұны жоққа шығарды. «Біз біраз уақыт мұнымен айналыспаймыз», – деп жауап берді Олтмен GPT модельдерінің даму қарқыны туралы сұраққа. Олтмен бұл сөздерімен OpenAI модельдің келесі буыны туралы ойламайды дегенге сену қиын.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Steve Jennings

Дәл қазір OpenAI әлемдегі ең танымал брендтерге және API сияқты бір компьютерлік бағдарламаның басқа бағдарламамен әрекеттесу тәсілдерін, плагиндерді сату арқылы өз өнімдеріне ең үлкен коммерциялық серпін берді. Плагин де ірі компаниялардың негізгі бағдарламасына қосылған және оның мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған дербес құрастырылған бағдарламалық модуль. OpenAI де өзінің ChatGPT-4 модулін дәл осындай плагиндер түрінде сату арқылы да табысын молайтып жатыр. 

Microsoft болса ChatGPT технологиясын Office өнімдерінің жиынтығына біріктірді, Bing Chat деген жүйесін іздеу қызметіне қосты. SwiftKey пернетақтасына дәл осы технологияны енгізді және мәтінді кескінге айналдыру генераторын да Edge браузерінде ұсына бастады.

GPT-5 туралы мәселеден басқа, Олтмен ЖИ-мен байланысты алаңдаушылық пен тәуекелдер туралы да пікір қосты. Илон Маск, Стив Возняк және әлемнің кейбір жетекші интеллект иелері GPT-4 сияқты алдыңғы қатарлы ЖИ әзірлеуде 6 айға үзіліс жасауды сұрап, нақты тәуекелдерді алға тартып, ашық хатқа қол қойған кезде технологиялық әлемде жағдай шынымен ушыға түсті. 

 Фото mitsoftware.com сайтынан алынды

Олтмен хатта айтылған қауіптерді толығымен жоққа шығармаса да, хаттағы ұсыныстар ЖИ-дің дамуындағы қауіптерді тым асыра көрсеткенін және айтылған «техникалық нюанстардың көпшілігі» ЖИ-ді қолдану салаларында жоқ екенін атап өткен. Ол «хаттың келісетін бөліктері бар. Біз GPT-4 оқытуы мен оны шығарғанға дейін алты айдан астам уақыт өткіздік. Сондықтан қауіпсіздік моделін шынымен қарауға, сыртқы аудитке, сыртқы тексеру тобына не болып жатқанын шынымен түсінуге және кері салдарларды азайтуға уақыт керек» екенін ескерткен.

Олтмен сондай-ақ ЖИ-дің мүмкіндіктері күшейген сайын қауіпсіздік деңгейін жоғары көтеру керек деген пікірмен келіскен. Дегенмен, танымал технократтардың хатында қай жерде үзіліс жасау керектігі туралы мәліметтер жоқтығын ескерткен.

Фото comnews.ru сайтынан алынды

«Сақтықпен қозғалу және қауіпсіздік мәселелеріне көбірек көңіл бөлу өте маңызды. Бұл хат мәселені шешудің ең жақсы жолы емес», – дейді Олтмен. Бірақ ашық хат ЖИ туралы жалғыз ескерту емес екенін айту керек.

АҚШ президенті Байденнің әкімшілігі де тәуекелдерді азайту үшін ЖИ әзірлеу және орналастыру үшін нормативтік мінез-құлық пен этиканың үлгілік кодексін қарастырып жатыр. Осы аптаның басында АҚШ-тың Ұлттық телекоммуникациялар және ақпарат әкімшілігі (NTIA) қауіпсіздік пен саясаттың үйлесімді сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік пен қауіпсіздік туралы ұсыныстар дайындауға кіріскен.