Google жарнама жасайтын құралдарға жасанды интеллект жүйесін енгізуді көздеп отыр. Жасанды интеллект енді жалған ақпарат таратпайды.
Жасанды интеллект жасаған жарнама адамдарға таңғажайып әсер етеді
1,991
оқылды

Google жарнама жасайтын құралдарға жасанды интеллект жүйесін енгізуді көздеп отыр. Жасанды интеллект жалған ақпарат таратпайды деп күтілуде. Бұл маркетологтардың материалдары негізінде күрделі жарнамалық науқандар өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа құралды іске қосу алдағы айларға жоспарланған. Жоспарлардың тағы қандай ерекше мақсаттары бар екенін Aikyn.kz технологиялық ixbt.com жаңалықтар порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Jonathan Raa

Google енді жарнама жасау үшін ЖИ-ді пайдаланады және бұл жүйе алдағы айларда іске қосылатын болды. Google қазірдің өзінде қолданушыларды жаңа тауарларды, қызметтерді сатып алуға ынталандыратын қарапайым кеңестер жасау үшін өзінің жарнамалық бизнесінде ЖИ-ді кеңінен пайдаланады. Дегенмен, соңғы генеративті ЖИ-дің компанияның негізгі табыс көзімен интеграциясы креативті жарнамаларды көбірек ұсынуға мүмкіндік беретін болады.

Жарнама жасаудың жаңа алгоритмі 2020 жылдан бастап қолжетімді Performance Max жүйесіне енгізілетін жаңа жүйе. Жаңа алгоритмнің көмегімен жарнамаларды қашан, қайда және қай жерлерде көрсету тиімді болатыны, жарнамалық бюджетті қалай жұмсау керектігі және маркетологтарға өте қажет кеңестер айтылады.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Emilija Manevska

Жаңа жүйе мәтіндерді, суреттерді және видеоларды өңдейді. Сонымен бірге тұсаукесерде болған кейбір мамандар Google өзінің ЖИ жүйесі жалған ақпарат таратуы мүмкін деп алаңдайды дейді. Өйткені машина «шындық пен өтіріктің не екенін ажырата алмайды». Бұның алдын алу үшін компания инженерлері жаңа ЖИ жүйелеріне шектеулер енгізетіні айтылуда.

New York Times басылымы бұрын Google өзінің негізге іздеу жүйесіне ЖИ технологиясын қосуды қарастырып жатқанын хабарлаған еді. Сондай-ақ, компания қазірдің өзінде Bard чат-ботын іске қосты, бірақ оның жауаптарында өтірік пен қастандық теорияларын байқаған қолданушылар ботты жетілдіру қажеттігіне байланысты әртүрлі пікірлер айтуда.