Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйдің бірінен 27 жастағы әйел секіріп кетті, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
«Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан үйден 1996 жылы туған әйел секіріп кетті. Ол 8-қабаттан секірген. Қазір себебін анықтау жұмысы жүріп жатыр», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе қаласындағы 25 қабатты үйдің 18-қабатынан екі әйел секіріп кетті.
Оның бірі – 31 жаста, екіншісі – 56 жаста. Оқиға 24 сәуір күні сағат 01.48 шамасында болған.
Патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдынан екі әйелдің денесін тапты.
Қылмыстық кодекстің «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.