WhatsApp әлемдегі 2 миллиард қолданушысына көптен күткен мүмкіндікті ұсынады. Енді бір нөмірге 4 смартфонды қосуға болады.
WhatsApp-қа бір нөмірге 4 смартфонды қосуға болады
2,202
оқылды

WhatsApp әлемдегі жүздеген миллион қолданушыға көптен күткен мүмкіндікті ұсынады.

Мессенджердің ресми блогындағы жазбада бір нөмірге тіркелген аккаунт арқылы бірнеше құрылғыны қолдануға мүмкіндік беретін функцияны шығаратынын растады. Slash Gear платформасында жарияланған мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz жаңа функция қалай іске қосылатынын түсіндіреді.

Фото WhatsApp сайтынан алынды

Бұл жаңа мүмкіндік WhatsApp 2021 жылы енгізген ұқсас функцияның кеңейтілімі деп айтылуда. Қазір компания WhatsApp қолданушыларға төрт (смартфон емес) құрылғыны негізгі смартфонға байланыстырмай қосуға рұқсат берген еді.

Олар: планшет, ноутбук, компьютер және смартфон болды. Дегенмен ол айтарлықтай шектеу қойды – төрт құрылғы смартфон болмауы керек. Енді соңғы жаңартумен бұл шектеу жойылды.

Компанияның ресми хабарламасында қолданушылар жақын арада бір нөмірді қолданып, бірнеше смартфоннан осы аккаунт арқылы WhatsApp қызметін толық алатыны айтылды. Мына сілтемеде: https://blog.whatsapp.com/one-whatsapp-account-now-across-multiple-phones

Бұрын хабар алмасу кезінде қолданушы басқа смартфонмен бір логинді тіркегенде ол смартфон қызметтен ажыратылатын болған. Жаңа функция қосылған соң бұл проблема шешілді.

Фото Getty Images сайтынан алынды

WhatsApp-тан автоматты түрде шығарылу құпиялылықты сақтау құралы ретінде қарастырылғанымен, ол қолданушыларға бірнеше құрылғылардың арасында ауысу қажет болғанда көптеген қиындық  туғызды.

Ал қолданыстағы WhatsApp Business аккаунттардың пайда болуы іскерлік компанияның бірнеше қызметкері үшін бірдей нөмірге қол жеткізуді жеңілдететін және жауап беру уақытын жылдамдататынын көрсетті. Сондықтан мессенджер бұл функцияны басқа да қолданушыларға ұсынуды қажет деп тапқан.

Енді бір нөмірге қосылатын басқа смартфондар WhatsApp-қа бөлек-бөлек қосылады, сондықтан жеке хабарлар, файлдар және қоңыраулар шифрланған күйде қалады. Негізгі құрылғы ұзақ уақыт бойы белсенді болмаса, барлық қосымша құрылғылар автоматты түрде жүйеден шығарылады.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Xavier Lorenzo

WhatsApp жаңартуды жаһандық деңгейде шығаруды бастады және қосымша құрылғыларды жұптастырудың балама, ыңғайлы әдісімен бірге алдағы апталарда барлық қолданушыларға таратпақшы.

Жаңа функцияға қосылу да қарапайым: енді QR кодты сканерлеу міндетті емес. WhatsApp веб-сайтына телефон нөмірін енгізіп, бірреттік кодты алып, смартфонды сол код арқылы байланыстыру керек. Бұл жаңашылдықты басқа да қосымша құрылғыларға енгізу жоспарланған. 

Смартфондарды қосымша құрылғылар ретінде байланыстырудың арқасында хат алмасу ыңғайлы болады. Сонымен қатар  қолданушы бір аккаунттан шықпай басқа смартфондарға ауысып, хат алмасуды дереу жалғастыра алады. Еліміздегі шағын бизнес өкілдеріне де бұл – өте ыңғайлы функция.

Енді компанияның бірнеше қызметкері бір аккаунт арқылы тұтынушылардың сұрауларына, тапсырыстарына тікелей WhatsApp-пен байланыстырылған өз смартфондарынан жауап бере алады.