Ең күрделі деген құпиясөзді хакерлер тауып алады. Құпиясөздер деректердің ұрлануынан немесе жойылуынан қорғай алмайды. Google есептік жазбаға кіру үшін басқа тәсіл қолданатын болды
Құпиясөзді енгізбей-ақ Google аккаунттарына кіруге болады
1,882
оқылды

Құпиясөздер барлық интернет қолданушыларды тітіркендіріп жіберетіні белгілі. Бірақ олар барлық тіркелгілеріңіз бен деректеріңізді қауіпсіз сақтау үшін қажет.

Енді Google есептік жазбаға кіру үшін басқа тәсіл қолданатын болды. Бұл тәсілдің артықшылығын SlashGear сайтындағы мақалаға сілтеме жасап Aikyn.kz түсіндіреді.

Мына видеода хакерлерден құпиясөзді сақтау әдістері айтылады:

Ең күрделі деген құпиясөздің генерациясы хакерлердің фишинг әрекеттерінен қорғай алмайды. Шабуылдаушы электронды хабарламаларды шынайы етіп көрсетіп, пошта арқылы компьютерге вирус таратып, оны басқара алады, мәліметтер мен жеке деректерді ұрлауға пайдаланады. Сондықтан қауіпсіз құпиясөздер деректердің ұрлануынан немесе жойылуынан қорғай алмайды.

Бұл тіпті ең үлкен компаниялар мен қызметтерде болатын қиындықтар. Екі факторлы аутентификация, робот емес екенін дәлелдейтін captcha сәйкестендіру мен жеке басты тексерудің басқа әдістері де қолданушылардың жүйкесіне тиетіні белгілі.

Фото Shutterstock сайтынан алынды. Авторы: Ink Drop

Құпиясөздермен байланысты қиындықтар мен қауіпсіздік тәуекелдерін ішінара жеңілдету үшін Google оларды біртіндеп алып тастамақшы. Компания есептік жазбаға кіруге кілт жүйесін енгізуде. Құпия кілт арқылы Google-дегі есептік жазбаларға кірген кезде қолданушыдан құпиясөз сұралмайды, оның орнына PIN код енгізу немесе жүйеге кіру үшін бетті тану немесе саусақ ізі сияқты биометрияны пайдалануға ұсынылады. Қосымша қауіпсіздік шарасы үшін PIN код пен бетті тану немесе саусақ ізі сияқты ақпарат тек кіретін құрылғы үшін жасалып құлыпталады.

Фото Shutterstock сайтынан алынды. Авторы: Jirsak 

Құпиясөзбен кіргісі келетін қолданушыларға үрейленудің қажеті жоқ, өйткені құпиясөздер әлі қолданыла беретінін Google өкілдері растауда. Жаңа жүйемен бірнеше құрылғыларда кіру кілттерін қолдануға болады және олар Apple қолданушылары үшін iCloud есептік жазбаларда ортақ пайдаланылады.

Google басқа біреудің құрылғысын уақытша пайдалануға да рұқсат береді (мысалы, кітапханадағы компьютерді пайдалану немесе электронды поштаға кіру). Бұл құрылғы үшін құпия сөз жасап, жұмыс аяқталғаннан кейін оны жоюға болады немесе телефоныңызбен жүйеге кіріп, бірреттік кіру арқылы бұл құрылғыны уақытша аутентификациялауға болады. Содан кейін Google телефоныңызбен QR кодын суретке түсіруді және құрылғының Bluetooth жанында екеніне көз жеткізу арқылы осы құрылғыны пайдалануға рұқсат береді.

Google мәліметтері бойынша,  рұқсат беретін кілт жүйесі шифрланған кілтті қолданатын құрылғыда ғана сақтау арқылы жұмыс істейді. PIN кодты білген бөтен адам басқа адамның есептік жазбасына кіре алмайды, өйткені оларға кілт пен физикалық құрылғы бірдей қажет. Сондай-ақ кілтті Google Password Manager және Apple компаниясының iCloud кілттері арасында синхрондауға болады.