Интернет апокалипсисі ғаламтор пайдаланушыларды цифрлық әлемнен ажыратып, электр желілері мен спутниктерді істен шығарады деп болжануда.
NASA адамдарды ғаламдық желісіз қалдыратын «интернет апокалипсисі» туралы ескертеді
965
оқылды

NASA ғалымдарының зерттеуі бойынша, алдағы онжылдықта «интернет апокалипсисі» нәтижесінде Жер бетіндегі интернет пен байланыс желілері істен шығады деп The Science Times басылымына сілтеме жасап, Aikyn.kz хабарлайды. Бұл құбылысқа Күн дауылы түрткі болып, адамзат айлар немесе жылдар бойы ғаламторсыз қалуы мүмкін.

Фото Getty Images сайтынан алынды.

Күн дауылдары Жердің коммуникациялық желілерін зақымдауы мүмкін. Күн орта есеппен 11 жылдық циклден өтеді. Ол өзінің белсенділік шыңына жеткенде, ғарыштық формаға айналып, күшті жыпылықтаулар пайда болады. Соның салдарынан Күн алауларының жиілігі мен күші артады. Олар адамдарға қауіп төндірмесе де, магниттік дауылдар спутниктерді өшіруі немесе Халықаралық ғарыш станциясындағы астронавттарға зиянын тигізуі, сондай-ақ Жердегі бүкіл байланыс жүйесін зақымдауы мүмкін.

Фото NASA.gov сайтынан алынды.

NASA инфрақұрылымның осал тұстары мен интернет апокалипсисінің себептеріне назар аударды. Ғарыш агенттігі бұл жағдайдың алдын алу үшін Күннің механизмдерін зерттейтін жұлдызға NASA Parker Solar Probe зондын жіберді.

Зонд Күнге жақындаған кезінде жұлдыз желінің жұқа құрылымын анықтай алды. Ғалымдар магнит өрістері туралы ақпарат алып, Жердегі электр желісін істен шығаратын Күн дауылдарын болжай алатын болды.