Роботтар жүк тасып, көлік жүргізуден басқа күрделі оталар жасауға да үйретілген. Роботтар хирургтің қолынан да дәл, нәзік жұмыс істейді. Осындай роботтарға өміріңізді сеніп тапсыра аласыз ба?
Робот операция жасап, рекорд жаңартты
Бұл – Da Vinci роботы. Фото mbradio.ru сайтынан алынды
2,056
оқылды

Англияның Бристоль қалашығындағы Southmead ауруханасы британдық NHS рекордын жаңартып, 25-26 қараша күндері 24 роботты операция жасаған. Бұл туралы BBC News басылымы жариялаған материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz рекордтың артында медициналық қызметтің сапасын да талдайды.

Фото vistanews.ru сайтынан алынды

Роботтық хирургия жасанды интеллектпен жабдықталған робот емес, бұл технологияны хирургтің қолдары мен хирургиялық құралдардың арасындағы цифрлық делдал деп түсіну керек. Әдетте хирургтар операция кезінде бірдеңе жасағысы келеді, бірақ олардың саусақтары қиын аймаққа жету үшін жеткілікті дәрежеде жіңішке емес. Да Винчи жүйесі хирургтің қолын ұзартады, нәзік етеді.

Құралдың қозғалысының дәлдігі скальпельді керемет епті ұстайтын маманның қолының мүмкіндігінен 5 есе артық.

Фото BBC News сайтынан алынды. Авторы: NORTH BRISTOL NHS TRUST

Southmead ауруханасы сенбі-жексенбіде ең көп роботты операция жасау бойынша NHS ұлттық рекордын жаңартқан. Екі команда Да Винчи Си роботтары арқылы қатар жұмыс істеген. Роботты хирургия аз инвазивті, ағзаны аз жарақаттайды, науқастың қалпына келу уақытын қысқартады.

Әйелдер дәрігері Джессика Прешоу: «Осы жаңа жабдықтардың арқасында біздің пациенттер тезірек сауығып, ауруханада болу ұзақтығы қысқарады», – дейді.

Роботтарды қолдану хирургтарға операция уақытын қысқартуға және процедуралар кезінде дәл әрі нәзік қимылдауға мүмкіндік береді.

Фото BBC News сайтынан алынды. Авторы: NORTH BRISTOL NHS TRUST

Демалыс күндері жасалған операциялардан кейін 24 науқастың 17-сі сол күні үйіне шығарылған. Негізгі операциялар гистерэктомия және эндометриоз процедуралары болған. Джули Столлериге шілдеде гистерэктомия операциясы жасалған.

Ол отадан кейінгі өзін жеңіл сезінгеніне таңғалады. «Жаралар өте кішкентай болды және мені мүлдем мазаламады, маған ештеңе жасалмағандай болды. Мен жұмысқа қайта оралдым, отадан дейінгі жағдайыммен салыстырғанда өзімді жақсы сезінемін, өйткені бұрынғы ауру белгілері жоқ», – дейді ол.

Джули Столлериге роботты операция жасалды. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторы: NORTH BRISTOL NHS TRUST

Southmead ауруханасында биыл 100 гистерэктомия жасалған. Хирургтар командасы науқастардың кезегін азайту үшін жоғары қарқынды бағдарламасын меңгерген. Бұл әдеттегіден 50%-ға көп ота жасауға жол ашқан. Британдық медицина ұйымдары күрделі операцияларға арналған роботты хирургия бағдарламасын кеңейтуді көздеген.