25 желтоқсан күні Ұлттық банк «7-20-25» ипотекалық кредиттеу бағдарламасын іске асыру туралы қаулы қабылдады.
Баспана нарығы: «7-20-25» бағдарламасының 2024 жылғы бюджеті жарияланды
1,213
оқылды

Қаулыда 2024 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемін рұқсат етілген ең жоғары деңгейде 100 млрд теңге мөлшерінде белгілеу және бюджетті тоқсан сайын 25 млрд теңгеден бөлу қаралған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бағдарлама бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сенімгерлік басқарғаны үшін банктердің сыйақысын жылдық 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендету көзделеді. Бұл түзету бағдарлама операторы — «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ мен бағдарламаға қатысушы банктер арасында белгіленетін құқықтық қатынастарды қозғайды және азаматтарды кредиттеу шарттарына әсер етпейді", - делінген құжатта.

Айта кетейік, бағдарлама 2018 жылы жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейінгі мерзіммен және 20%-дан басталатын бастапқы жарнамен 7%-дық жеңілдікті мөлшерлеме бойынша қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін іске қосылған.

2023 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша,  бағдарлама аясында 974,1 млрд теңгеге 71 699 жеңілдікті қарыз берілді.