Экватордан жоғары солтүстікке қарай орналасқан елдерде аптап ыстық адамдардың өміріне қатер төндіре бастады. Ыстық толқындар қазақ жерінде де біліне бастады.
100 градустан асатын аптап ыстық болады: миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді
Көптеген елдерде аптап ыстық адамдардың өміріне қатер төндіре бастады. Фото asiaplustj.info сайтынан алынды. Авторлығы: oko-planet.su
11,776
оқылды

Төрт континенттегі қалаларды жаздың аптап ыстығы күйдіріп барады. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасаған Aikyn.kz хабарлайды.

Солтүстік Африкадан соққан жел Балқан арқылы ыстық толқынды алып келген. Денсаулық сақтау органдары «қызыл дабыл» жариялап, тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес берген. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Dan Kitwood 

Климаттың өзгеруі рекордтық ыстық алып келді, өткен жаздағы ең ыстық деген рекордтар биыл одан да асып түсуі мүмкін. Бұл – метеорологтардың болжамы. Соңғы күндердегі рекордтық температура Азия мен Еуропада жүздеген, тіпті мыңдаған адамның өліміне себеп болған.

Жерорта теңізі елдері апта бойы температураның көтерілуін бастан өткерді, Португалиядан Грекияға және Африканың солтүстік жағалауынан Алжирге дейінгі аралықта орман өрттері болды. Бұл туралы АҚШ Ұлттық мұхиттық және атмосфералық басқармасының Жер обсерваториясы мәлімдеген.

Сербияда метеорологтар осы аптада шамамен фарренгейт шкаласы бойынша 104 градус ыстық (цельсий бойынша 40C) болғанын тіркеген. Өйткені Солтүстік Африкадан соққан жел Балқан арқылы ыстық толқынды алып келген. Бұл елдің Денсаулық сақтау органдары «қызыл дабыл» жариялап, тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес берген.

Белградтың жедел қызметінің дәрігерлері жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар адамдардың өмірін сақтап қалу үшін бір түнде 109 рет шақыруға барған.

АҚШ-тың Ұлттық денсаулық ақпараттық жүйесі бейсенбіде (20 маусым) 100 миллионға жуық америкалыққа ескертулер жасап, оларды бақылауға алған. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторы: Priyanshu Singh

Еуропада биыл қауіпті аптап ыстықтан қайтыс болған және із-түзсіз жоғалған туристер саны артқан. Грекияның Матраки аралында «55 жастағы америкалық ер адам өлі табылды» деп хабарлады полиция дүйсенбіде. Бұл бір аптадағы үшінші турист өлімі.

Нью-Йоркте кітапханаларда, қарттар үйлерінде және басқа мекемелерде жедел салқындату орталықтары ашылды. Қала мектептері аптап ыстықтан сақтану үшін оқушыларды үйлеріне ерте жіберуде.

Бейсенбіде АҚШ-тың Аризона штатының кейбір бөліктерінде, соның ішінде температура 45,5C (114 F) жетеді деп күтілетін Фениксте тым ыстық болатыны туралы дабыл қағылды. АҚШ-тың Федералды үкіметінің Ұлттық біріктірілген денсаулық ақпараттық жүйесі бейсенбіде (20 маусым) 100 миллионға жуық америкалыққа ескертулер жасап, оларды бақылауға алған.

Метеорологиялық департаменттің мәліметінше, Нью-Делиде 14 мамырдан бері 38 күн қатарынан максималды температура 40C (104F) немесе одан да жоғары болған. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторы: Priyanshu Singh

Үндістандағы жаз наурыздан мамырға дейін созылады, бұл кезде муссондар бүкіл елге баяу тарай бастайды және ыстықты басады. Бірақ сәрсенбіде (19 маусым) Нью-Дели 55 жылдағы ең ыстық түнді тіркеді, Үндістанның Сафдаржунг обсерваториясы түнгі сағат 1-де  температура 35,2C (95,4F) болғанын хабарлады.

Температура әдетте түнде төмендейді, бірақ ғалымдар «климаттың өзгеруі түнгі температураның көтерілуіне себеп болды» дейді. 

Метеорологиялық департаменттің мәліметінше, Нью-Делиде 14 мамырдан бері 38 күн қатарынан максималды температура 40C (104F) немесе одан да жоғары болған.

Еуропалық Одақтың климаттың өзгеруін бақылау қызметінің хабарлауынша, аптап ыстық толқындары өткен жылмен салыстырғанда рекордтық ең ыстық деп саналатын 12 ай бойы тіркелуде.

Ғалымдардың айтуынша, егер әлем қазбалы отынды жағудан климатты жылытатын шығарындыларды шығаруды жалғастыра берсе, жылу толқындары күшейе береді.

WWA мәліметтері бойынша, егер жаһандық жылыну 2°C (3,6F) көтерілсе, жылу толқындары 10 жылда орта есеппен 5,6 рет қайталанатын болады.

Қазақстанның да оңтүстік аудандары, батысы мен орталығы аптап ыстық толқындарын сезіне бастады. Бұл тек жаз айларының басы екенін ескерсек, онда елдің барлық өңірлерінің тұрғындары аптап ыстықтан қорғанудың жолдарын қазірден бастап іздеуі тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігі де ақпараттық жұмысты күшейтіп, тұрғындарды ыстықтан сақтануға кеңес беріп, жүректерінде ақаулықтары бар адамдарды ерекше қорғау жолдарын түсіндіргені дұрыс болар еді.

Біз де қазақстандықтарды жаздағы аптап ыстықтан сақтанып, өте қажет болмаса көшеге шықпауға кеңес береміз. Аптап ыстықтан былай сақтануға болады:

Аз мөлшерде, бірақ жиі су ішіңіз; Бөлменің терезелерін пердемен жауып қойыңыз; Кондиционерден абай болыңыз; Тұрмыстық техниканы аз пайдаланыңыз; Диетаны өзгертіңіз, жеңілдетіңіз; Киіміңізді жиі сулап тұрыңыз; Қолыңызды суық суға салыңыз; Бедуиндер сияқты киім киіңіз; Салқын душ (суық емес) қабылдаңыз.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.