Орталықтың дерегінше, 2023 жылы денге тырыспасын жұқтырғандар саны 2010-2021 жылғымен салыстырғанда 2 есеге көбейген
Күннің ысуына байланысты әлемде қауіпті масалар тарай бастады – Ғалымдар
1,325
оқылды

Еуропадағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары әлемде қауіпті ауру тарататын Aedes albopictus масалары көбейгенін мәлімдеді. Бұл туралы Аikyn.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Financial Times басылымы жазғандай, орталықтың дерегінше 2023 жылы денге тырыспасын жұқтырғандар саны 2010-2021 жылғымен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 130 жағдай тіркелген. Соңғы 7 жылда Францияда Зика вирусын жұқтыру деректері анықталған. Ал Италияда дене тырыспасына ұқсайтын чикунгуньи дертін жұқтыру дерегі тіркелді. 

Орталықтың бас сарапшысы Селин Госснер жәндіктердің көптеп тарауын климаттың өзгеруімен байланыстырды. Сонымен қатар бұған туризм мен сауданың дамуы да әсер етеді дейді.