Сот жүйесінің жетістігі – уақыт талабы
Сот жүйесінің жетістігі – уақыт талабы
384
оқылды

Елбасы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Осыған дейін Елбасы халықтың сотқа деген сенімін арттыру туралы тапсырма жүктеген еді. Кездесу барысында өткен жылдың 19 қарашасындағы кеңесте берілген нақты тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланды. Жоғарғы сот төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сот жүйесін жаңғырту барысы туралы мәлімдеді.

Сондай-ақ соттардың қызметін жетілдіруге және судьялардың жұмысына деген халық сенімін арт­тыруға бағытталған 15 заң жобасы әзірленгені туралы айтылды.

– Халықтың сотқа сенімін арттыру – өзекті мә­селе. Бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстар бар­шылық. Біраз қанатқақты жобаларымыз өз нәти­желерін беруде. Сол нәтижелерді іске асыру үшін заңдарға түзетулер мен өзгерістерді енгізу ту­ра­лы жо­ба­ларды дайындадық. Осы тапсырманы орын­дау үшін біз 15 заң жобасын әзірледік. Қазір оның 6-ауы күшіне енді. 3-еуі Парламентте. 6-ауы қазір Мәжіліске енгізу сатысында тұр. Осы жылдың екін­ші жарты жыл­ды­ғында-ақ соттардың ісі жақ­сарып, оны қоғам да, инвесторлар да нақты сезетін болады. Мен оған өте сенімдімін, – деді Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов.