Колледждегі жүздесу
Колледждегі жүздесу
337
оқылды

Қазақстан коммунистік халық партиясының атынан Қазақстан президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков Өскемендегі экономика және қаржы колледжінің оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездесті.

Жамбыл Ахметбеков Қазақстан ком­мунистік халық партиясы ҚР Парламенті Мәжілісінен орын алып отырған саяси ұйым екенін және мемлекеттік деңгейде халық мүддесін қорғайтынын айтты. Бұдан кейін спикер сайлауалды тұғырнаманың басым бағыттарын таныстырып, тұғырнама ком­мунистік идеология ұстанымдарынан бастау алатынын тілге тиек етті.

Кандидат Жамбыл Ахметбеков аталмыш партияның агроөнеркәсіп кешені өнімдеріне тұтынушылық сұранысты арттырумен бірге кедейлікпен күрес бағдарламасын қабылдау, оны іске асыру және отандық тауарға сұ­ра­нысты арттыруды бірнеше рет ұсынғанын және оның жүзеге асырылуы үшін жұмыс іс­тейтінін атап өтті. Кездесу соңында спикер сай­лаушыларды 9 маусым күні өтетін кезек­тен тыс президент сайлауында белсене қа­ты­сып, лайықты үміткерге дауыс беруге шақыр­ды.

Айта кетейік, экономика және қаржы колледжі – Өскемен, облыс және республи­кадағы ең көне оқу орындарының бірі саналады. Колледж 1943 жылы кооперативтік техникум ретінде негізі құрылды. 1995 жылы кооперативтік колледж, 1998 жылы есеп-сауда колледжі, ал 2001 жылдың желтоқ­санынан бастап Өскемен экономика және қаржы колледжі атанды. Іргесі қаланған жылдан бері колледж Шығыс Қазақстан облысы мен республиканың кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелеріне арнап 18,5 мың­нан астам маман даярлап шығарды.


Айдана БЕГІМ