Қазақстанда жыл санап қатерлі ісік ауруы "жасарып", өлім саны көбейіп жатыр. Былтыр дәл осы аты жаман аурудан 13 мың адам қайтыс болды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, облыс прокуратурасының үйлестіруімен, синтетикалық есірткінің аса ірі партиясымен 35 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Танымал әнші Медеу Арынбаев “Менің өмірім” бағдарламасында марқұм әйелі Айгүл туралы тебірене сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші Серікбол Сайлаубек отбасылық өмірі жайлы ел білмейтін құпиясын бөлісті. Өнер иесі «Ұйқым келмейді» бағдарламасында әйелімен бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткенін айтты, – деп жазады Aikyn.kz.
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек жат ағымның жетегінде жүргендер қоғамға әлі де қауіпті екенін ашып айтты. Оның сөзінше, олар қоғам арасында іріткі салып, ел тыныштығын бұзуды көздеп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атырау облысында республикалық тасжолда 9 айда қараусыз үй жануарларына соқтығысқан 94 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының бойында 15 қойды көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы облысында Көлсай, Қайыңды көлдерінде бюджеттің 46 миллион теңгесіне салынған модульдік дәретханалар жұмыс істемей тұр. Оның біреуіне электр жарығы да, су да тартылмаған. Бұл сорақылықты Антикор арнайы тексеріс барысында әшкере қылған. Құзырлы орган...
Әлеуметтік желіде мешіт алдында ер адамның әйелге дауыс көтеріп, ұрсып жатқан сәтінен видео тараған еді. Бейнежазбаның сипаттамасында ашулы молданың мешіт әжетханасына көше сыпыратын әйелді кіргізбей тұрғаны туралы жазылған. Бұл жайтқа қатысты Қазақстан м...
Ішкі істер министрлігі жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу құнын төмендетеді. Бұл туралы құжат “Ашық НҚА” сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктер дүйсенбі, 16 қарашада бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz полицияға сілтеме жасап.
Алматы тұрғыны автобуста тұрып темекі тарта бастаған, бұл жұртшылықтың наразылығын тудырды, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Семей қаласында өткен жұманың түнінде полицейлерге әйел адам хабарласып, теміржол бекетінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама қалдырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Түркия жағалауында күтпеген жерден астық тасымалдайтын екі жүк кемесі соқтығысып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Нalyq-uni-не сілтеме жасап.
Қазақстан мен Дания арасындағы ойыннан кейін жанкүйерлер стадионнан қоқыстарын жинап кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.