Жыл сайын швейцариялық Greubel Forsey сағат компаниясы өте сирек кездесетін Hand Made 1 Tourbillon сағатының екі-үш данасын шығарады. Соның бірін белгілі бай адам тағып алған.
Орман өрттері Лос-Анджелестің Pacific Palisades ауданында күшейді. Көптеген атақты адамдар мен жұлдыздардың үйлерін өрт қоршап алған.
Еуропа саясаткерлері Ресейдің күшейгенінен де, мұхиттың арғы жағындағы Дональд Трамптың кәрі құрлыққа деген өзгерген көзқарасынан да қатты алаңдауда.
Президенттің инаугурациялық қорына ірі банктер мен технологиялық компаниялар миллиондаған қаржысын аударған. Олар кімнен және неден қорқып ақша берген?
Мұндай биікте орналасқан бассейн-пентхаус әлемде алғаш рет жобаланып отыр. Биіктігі 180 метр болатын екі мұнараның арасын қосатын бассейнді сатып алуға қомақты қаржы да, жүрек те керек шығар.
ЖИ жүйелерін қолдайтын деректер орталықтарына 80 миллиард доллар жұмсау корпорация бюджетіне енгізілген. Оның жартысынан көбі америкалық нарықта қалады.
Жаңа жылдың алғашқы күндері Құрама Штаттардың орталық бөлігіне қарлы боран, көктайғақ және аязды температура әкелді. Ауа райының тосын мінезі туралы 60 миллионға жуық адам ескерту алды.
Бұл шешімдер ірі компанияларды бақылауға бағытталған. Олар миллиардтаған долларлық айыппұлды кімге, не үшін төлейді?
Кофеханалар желісінде жұмыс жағдайын жақсарту мен жалақыны көтеруді талап еткен қызметкерлер ереуілге шықты. Кофеханалар жабыла бастады.
Интернет күн сайын миллиардтаған жаңа контент жасайды. Оның бәрін адам талдап, қорыта алмайды. Сондықтан уақыт ең қымбат тауарға айналды.
Болашақта адамзат үшін ең үлкен проблема – арзан, экологияға зиянсыз, таза энергия көзін табу болмақшы. Термоядролық синтезге негізделген энергия дәл осындай.
Стоматологтар тістерді қалпына келтіруге арналған жаңа препаратты сынап көрді. Оның тиімділігінің жоғары екенін сынақтар дәлелдеген.
Әлемде ядролық қалдықтар проблемасын шешкен бірде-бір мемлекет жоқ. АҚШ-тың өзінде радиациясы жоғары қалдықтар 94 алаңда уақытша сақталуда.
Жақында қытайлық жұмыс бригадасы әлемдегі ең үлкен су астындағы қалқан туннелін салуда рекорд орнатты. Алматы метросын осындай жылдамдықпен қазуға бола ма?
OpenAI өзінің келесі «ойланып» жауап беретін o3 моделін қаңтар айында шығарады. Ол бұрынғы нұсқалардан әлдеқайда «ақылды».