Түркия астанасы Анкара қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтың «Ақ Ләйлек» драмасы қойылды. Шығарманы Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының өнерпаздары сахналады.
Түркістан облысындағы ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясындағы семинар ауыл шаруашылығы колледжінің базасында жалғасты.
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» және электромобиль инфрақұрылымын дамыту туралы заңдарды екінші оқылымда қабылдады.
Халқымыздың біртуар перзенті, қайраткер тұлға, ағартушы Ахмет Байтұрсынов туралы жаңа фильм жарыққа шықты. «Соңғы үкім» деп аталатын толықметражды тарихи драма ұлт ұстазының күреске толы тағдырының мәлім де беймәлім қырын паш етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламға Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі симфониялық музыка кешіне шақырады.
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблі жеке концертіне шақырады.
Отандық анимация бұрынғы сүрлеумен жүріп, тек күрделі, философиялы туындылар ұсынғандықтан балалар қызықпай жатыр.
«Жасыл энергетика» дегенде жұрттың көпшілігінің көз алдына желден қуат өндіретін алып, аппақ қалақшалар немесе аптап ыстықта қызатын күн панельдері елестейді.
Бүгінде дубляж арқылы қазақ тілінің қолданысы кеңейді. Былтырдан бастап Ұлттық кино орталығы осы сала үшін конкурстар жариялай бастады.
Елімізде соңғы жылдары ерекше қажеттілігі бар балалар саны артып барады. Өкінішке қарай, олардың денсаулығы, өмір сүру сапасы алаңдатарлық жағдайда.
Ежелден Өзбекстанның Нұрата жері әйгілі Әйтеке би бабамыздың мәңгілік дамыл тапқан мекені саналады.
Ел дамуының маңызды мәселелері қозғалған республикалық референдумда Ата Заңымызға енгізілген өзгерістің бірі жерге байланысты болды. Онда айтылғандай, «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар х...
Алматы облысында өңір дамуының өзекті өркендеу жолдары қарастырылып, инвестициялар тарту, тиімді ынтымақтастықтар орнату мақсатында нақты жұмыстар атқарылуда.
18 мамырда Астанада екінші Run for autism қайырымдылық марафоны өтті. Іс-шараның мақсаты – аутизм туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру, аутизмі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту, олардың әлеуметтенуі және өз қабілеттерін жүзеге асыруы үшін жағдайд...