Театр – өмірдің көркем көрінісіне негізделген өнер, осы өнер жолындағы тұлғалардың жоғары талғамды эстетикаға толы репертуарына куә болып, рухани байлыққа кенелетін мәдени орын.
Қазақстан мен Әзербайжан посткеңестік кеңістіктегі, тіпті Шығыс пен Батыс арасындағы логистиканы және көлік тасымалы бағыттарын өзгертіп жатыр.
Атырауда ерекше адамдарға арналған театр жұмысын бастады. Talshyn деп аталатын театрда талантымен таңдандыратын ерекше адамдар актер болып еңбек етіп жүр.
Сыр өңірінде егіздер тұратын ерекше ауыл бар. Халқы қарапайымдылығымен, еңбекқорлығымен дараланған бұл алақандай ауылды өңір жұрты құт қонған мекен санайды.
Биыл белгілі ғалым, ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Баян Рақышев 90-ға толды. Ғалымның кеңестік кезеңнен бастап күні бүгінге дейін ұзақ жылғы өндірістік әрі ғылыми-педагогикалық қызметінің өзі 70 жылға жуықтапты.
Сурет салу – айналадағы көріністі қағаз бетіне түсіру ғана емес, қоғамдық санаға әсер ету, өзіндік пайым қалыптастыру өнері. Сол бір қағаз бетіне түсірілген суреттер өткенімізден хабар беріп, тоқтаусыз тіршілікті айнытпай бейнелеп тұрғандай дерсің.
Қазақ халқының қалың да қатпарлы тарихын оқырман қауымға жеткізуде ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ата-баба тарихының ақтаңдақ беттерін анықтау жолында атсалысқан белгілі ғалымдарды қоғамда кеңінен насихаттау және жастарға үлгі ету аса маңызды.
Ұлттық құрылтай отырысында саясаттанушы Талғат Қалиев кіші, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ғимараттарда оқытуды ұсынды.
Облыс баспасөзінің қара шаңырағы саналатын «Ақтөбе» газетінің тарихы бұдан 100 жыл бұрын, яғни 1924 жылдың 7 маусымында Kedej (Кедей) атауымен жарыққа шықты.
Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында соғыс майдангерлерін дәріптеуді ұлттық деңгейге көтеруді ұсынды.
Маңғыстауда «Адай ата-Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде 13 наурызда Амал мерекесіне орай «Бірлік отын» жағу рәсімі өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Парламент Сенатының депутаты Евгений Больгерт Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мектептерде қаржылық сауаттылық пәнін енгізуді ұсынды.
Көкшетау қаласында «АМАNАТ» партиясы Ақмола облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының форумы өтіп, партияластар сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын талқылады.
Дана халқымыз: «Кеңесшіл ел кемдік көрмейді» демей ме! Құрылтай шақыру – ертеден келе жатқан ата дәстүріміз.
«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» тақырыбында кездесу өтті.