Tag: тоқтату
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Украинадағы соғысты тоқтатып, келіссөздерге қайта оралуды ұсынды
Президенттің айтуынша, қақтығысты әскери жолмен шешу мүмкін емес және ең алдымен адам өмірін сақтау қажет.
Қазақстаннан жанармайды заңсыз шығарудың 593 әрекеті тоқтатылды
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.
Түркістанда қыз алып қашпақ болған екі жігітті полиция тоқтатты
Оқиғаға байланысты мәжбүрлеп некеге тұрғызу әрекеті фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бурабайда найзағайдан тұтанған өрт үлкен аумаққа таралмай тоқтатылды
Өрт ошағын "Smart" ерте анықтау жүйесі бірден тіркеп, мамандарға жедел әрекет етуге мүмкіндік берген.
Қазақстанда 200 мыңнан астам кәсіпкер қызметін тоқтатты
Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен екі есе көп. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Ұлытау облысында ірі есірткі желісі тоқтатылды
Анықталғандай, қылмыстық схема халықаралық сипатқа ие болып, есірткі құралдарын жеткізу, буып-түю және тарату функцияларын атқарған тұрақты қатысушылар желісін қамтыған, ал төлемдер криптовалюта арқылы жүргізілген.
Қазақстаннан Дубайға ұшатын әуе рейсі уақытша тоқтады
Тасымалдаушының мәліметінше, мұндай шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз ахуалға байланысты қабылданған.
Қазақстанда 34 миллион теңге қарызы бар көлік тоқтатылды
Павлодар облысында берешегі бар тұлғаларды анықтауға бағытталған ауқымды рейдтер өткізілуде.
Әнші BAYAN SULU продюсерімен неге жұмысын тоқтатқанын түсіндірді
Әншінің айтуынша, соңғы уақытта оған «Неге жоқ болып кеттің?», «Продюсермен жұмысты тоқтаттыңыздар ма?», «YouTube-тағы әндер неге жоғалып кетті?» деген сұрақтар жиі қойыла бастаған.
Дубай халықаралық әуежайы уақытша жұмысын тоқтатты
Anadolu агенттігінің мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс министрлігі елдің әуе қорғаныс жүйелері Ираннан келуі мүмкін баллистикалық зымырандар мен дрондарға қарсы әрекет етіп жатқанын хабарлаған.
Қостанай облысында 16 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды
Тексеру арқылы меншік немесе жалдау құқығында өндірістік базалар болмаған кезде қызметті жүзеге асыратын 200-ден астам лицензиат, сондай-ақ бірыңғай біліктілік талаптарында көзделген аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлер анықталды.
Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен екі адамды іздеу тоқтады
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиевті іздеу жұмыстарының тоқтатылғанын мәлімдеді.
Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылды
Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Қазақстанда банктер ипотека беруді тоқтатты: себебі белгілі болды
Кейбір банктер барлық ипотекалық бағдарламаларды жапса, басқалары тек серіктес-застройщиктердің жаңа құрылыстарына несие беруді жалғастырып отыр.
Министр: Әділетсіз әрі тиімсіз әлеуметтік төлемдер тоқтатылады
Премьер-Министр бұл жұмысты 1 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырған.
