Павлодар облысында өзіне оқ атқан полицей жұмысынан босатылды
Павлодар облысында өзіне оқ атқан полицей жұмысынан босатылды
212
оқылды

Павлодар облысында Железин ауданындағы прокуратура ғимаратында өзіне оқ атқан полицей жұмысынан босатылды. Өңірлік Полиция департаменті өкілдерінің божамы бойынша, полицей суицид жасамақ болған. Алайда полицей мен оның жақындары ведомство болжамымен келіспей отыр және сотқа жүгінбек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға былтыр мамырда Железин ауданындағы прокуратура ғимаратында болған еді. Аға тергеуші Рахым Оңбаев демалыс күні шақыртылған. Оның айтуынша, аудандық прокурор мен оның көмекшісі полицей тамақ пен сыра ішіп отырғанын көрген. Прокурорлар полицейге "жұмысын нашар орындағаны үшін" былапыт сөздер айтыпты-мыс. Артынша полицей шығып, өзіне оқ атып жіберген. Жарақат алған полицей тоғыз айдай денсаулығына байланысты демалыста болған. Биыл ақпанда Оңбаев шақырылған, бірақ жұмыс істеуге емес.
"Мен ІІД бірінші басшыларының қабылдауында бірнеше рет болдым. Олар Рахымды жұмыс орнында қалдыруға уәде етті, ондай тергеуші қажет екенін айтты. Бірақ биыл ақпанда Рахымды жұмысқа шақырып, әдеп комиссиясының шешімімен ол жұмыстан шығарылғанын айтты", - дейді полицейдің анасы Гүлсім Үсембаева.
Павлодар облысының полиция департаменті өкідері Оңбаевтың жұмыстан шыққанын растады.