Биыл қайтадан үш облыс құрылатын болды. Оның ішінде, Абай облысы да бар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында облыстарды қайта құру «Қуатты өңірлер – қуатты ел» ұстанымына негізделгенін, еліміздегі әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайлы ететінін жеткізді. Ол ең алдымен, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынды.
– Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған. Кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының жағдайы мәз емес. Біз тарихи әділдікті орнатып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өлкені қайта жаңғыртуға тиіспіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.