Сәуір айында зейнетақының орташа мөлшері 105 мың теңгеден асты
Сәуір айында зейнетақының орташа мөлшері 105 мың теңгеден асты
Фото: matritca.kz
287
оқылды
Қаңтардан бері қазақстандықтарға 704,9 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 1 наурыздағы дерек бойынша қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы наурызда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,8 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,4 млрд теңге бөлінді. Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 245,6 мыңнан астам адам болды. 1 сәуірде зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 344 теңге болды. Жуырда Тамара Дүйсенова қайта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.