AMANAT: университет ұжымы референдум өткізу мәселесін талқылады
AMANAT: университет ұжымы референдум өткізу мәселесін талқылады
462
оқылды
Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ұжымымен жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөнінде кездесу болып өтті. Отырысқа қатысқан білім саласының өкілдері референдум өткізу мәселесі бойынша өз көзқарастарын білдіріп, билік тармақтары арасындағы қатынастарда конституциялық реформаның рөлін, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуді талқылады.    width= Кездесуге AMANAT партиясы облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық штаб төрағасының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, штаб мүшелері философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберлиев пен тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас қатысты. Жиында сөз алған  Алтынбек Жарылқасынов бүгінгі таңда басты міндет азаматтарды Конституцияға өзгерістер мен түзетулер туралы хабардар ету екендігіне назар аударды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қабылдаған саяси қадамдар «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен көрініс тауып отырғандығын атап өтті.  width= Президент шешіміне облыстық штаб мүшесі Баймырза Қожамберлиевте түсініктеме берді. Оның пікірінше, елдің әрбір азаматы референдумға қатысудың маңыздылығын сезінуі тиіс.  «Әрине, қазір ұсынылып отырған Конституцияға енгізілетін өзгерістер қоғамды одан әрі демократияландыруға, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталғаны қуантады». Отырысқа қатысқан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай мемлекет басшысының референдумды өткізу идеясын қолдап, Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы саяси институттардың құрылымдық қайта құруларын қамтитынын айтып, мықты Парламент, мажоритарлық сайлау жүйелеріне енгізілетін өзгерістердің оң нәтиже беретініне сенетінін жеткізді. Жиын барысында басқа да штаб мүшелері өз пікірілерімен бөлісіп, маңызды күні науқанға белсенді қатысуға шақырды.