Instagram-да жаңа функция пайда болды
Instagram-да жаңа функция пайда болды
716
оқылды
Instagram хат алмасу функциясын кеңейтті, – деп хабарлады Meta сайты. Компания мәлімдемесінде,  енді Instagram қолданушылары оқырманымен байланысу және ақпарат бөлісу үшін 30 адамға дейін чат құра алатыны айтылған. Сонымен қатар  жазылушылар чаты тікелей пайдаланушы жәшігінен немесе Storis-те ашылуы және чат 24 сағаттан кейін автоматты түрде аяқталуы мүмкін. Сондай-ақ жазылушылар қосымша бұрын шығарған жазылым стикеріне ұқсас "чатқа қосылу" стикерін пайдаланып, чаттарға қосыла алатыны атап өтілді. Пайдаланушы бұл стикерді екі жазылушыға да жіберіп, оны Storis-ке тіркей алады, бұл жазылушыларға тікелей чатқа қосылуға мүмкіндік береді.