Елордада бірнеше автобустың бағдары уақытша өзгерді
Елордада бірнеше автобустың бағдары уақытша өзгерді
269
оқылды
Елордада көшедегі жөндеу жұмыстарына байланысты №18, 28, 50, 52, 53, 60, 61 бағыттарындағы қоғамдық көліктердің бағыттары уақытша өзгерді. «Сауран көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты №18, 28, 50, 52, 53, 60, 61 бағдарларының қозғалыс сызбасына уақытша өзгертулер енгізілді. Өз бағдарларыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», – деп жазды City Transportation Systems компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасына. Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.  width=  width=  width=  width=  width=