Медиаменеджер, ұлттық музыкалық «Муз-ТВ» арнасының бұрынғы бас директоры Арман Дәулетияров өзі туып-өскен әкесінің үйін мешіт ретінде пайдалануға беретінін айтты. «Бұл біздің ата-бабамыздың қонысы деп айтуға болады. Мен осы аулада туып-өстім. Ескі үйімізді бұзып, анама үлкен үй салып бердім, оның ішінде барлық жағдай жасалған, моншасы, жазғы асханасы бар, ауласы кең. Мұнда ол өзінің соңғы жылдарын өткізді», – деп жазды продюсер.
Арман Дәулетияров бұл үй Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдігіне берілгенін хабарлады.
«Бұл ғимарат Айман Дәулетиярова атындағы мешіт болады. Мұнда кез келген адам намаз оқи алады, сонымен қатар дін ұстаздары балаларға Құран мен Ислам негіздерін үйретеді. Біздің ауылда да, оның маңайында да мешіт жоқ, бұл мешіттің халыққа пайдасы зор», – деп сендірді ол.
Медиаменеджердің айтуынша, ол бұл мәселені көзі тірісінде анасымен келісіп алған, анасы мұндай ұсынысқа қуана келіскен.
«Біз бақытты өмір сүрген үйіміз менен кейін адамдардың игілігі үшін қызмет ететіні қандай жақсы», – деді ол қуаныштан көзіне жас алып маған» деп еске алады медиамаман.
Сонымен қатар продюсер анасының жылдық асына дейін аулаға мұнара салуды жоспарлап отыр.
«Мешіттің есігі барлығына ашық болады. Мен отбасыммен осы мешітке жиі келетін боламын. Сондықтан жақын жерде болсаңыз, міндетті түрде тоқтаңыз. Орынбор облысы Соль-Илецк ауданы Тамаруткул ауылы», – деді ол.
Еске салайық, биыл 13 шілдеде Арман Дәулетияров анасының қайтыс болғанын хабарлап, оның өлімінен бір сағат бұрын онымен телефон арқылы сөйлескенін айтқан болатын.
Бұған дейін Muz TV арнасының экс-бас директорының қасиетті қалаға қажылыққа барғаны хабарланған болатын.