Шымкент пен Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының экс-орынбасарына қатысты тергеу аяқталды
Шымкент пен Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының экс-орынбасарына қатысты тергеу аяқталды
Фото: sibadvokat.ru
398
оқылды
Жазаны жеңілдету үшін сотталушыдан пара алды деген күдікпен ұсталған абақты басшысының бұрынғы орынбасары жауапқа тартылады.   Polisia.kz-тің дерегінше, ІІМ Өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол биыл шілде айында бопсалаушылық және қылмыстық жазаны өтеу режимін жеңілдету үшін сотталушыдан ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта іс Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотына жіберілді.
«Полицейлер заңды сақтамай, азаматтардың құқы мен бостандығын таптап, антты бұзған жағдайда ІІМ бұрынғысынша қатаң, шұғыл әрекет етеді. Құқық қорғау қызметі бізге тек жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де үлкен жауапкершілік жүктейді. Министрлік басшылығы барлық заң бұзушылықтарға қарсы әрекет ету бойынша ұстанымды одан әрі қатаң ұстанатын болады. Кінәлілердің бірде-біреуі жауапкершіліктен жалтара алмайды», – деді ведомство өкілі.
Бұған дейін абақтының ауласына есірткі лақтырған ер адам сотталғанын хабарлаған болатынбыз.