Маса шақты ма?.. - Тағы бір жаңа ән тыңдарманның талқысына түсті
Маса шақты ма?.. - Тағы бір жаңа ән тыңдарманның талқысына түсті
2,489
оқылды
Әлеуметтік желілерді шарлап кеткен бұл "туындыны" кім орындайтыны әзірге белгісіз. «Маса шақты ма?» деп аталатын түсініксіз бұл ән тыңдарманның ызасын тудырып жатыр. Әсіресе, ТікТок-та көптің қызу талқысына түскен әнге қатысты пікір білдіргендер көп. Әнді кім орындайтыны әзірге белгісіз. Видеода көзіне қара көзілдірік таққан жігіттің образға кіріп, ән салып тұрғанын байқауға болады. Бейнежазбаны қазірдің өзінде 240 мыңға жуық қолданушы көріп, 4 мыңнан астам адам репост жасаған. «Маса шақты ма, шаққан жері қызыл ма? Қыши-қыши бере ме? Тоқтама, тоқтама... Қышып қышып барады, қаси-қаси бер, қаси-қаси бер, Шақты ма, шақты ма? Тоқтама. Тоқтама... Тоқтама...» деген мәтіннен тұратын әнді көпшілік сынның астына алған.
«Масқара, осы жетпей тұр еді. Бит-сірке туралы ән жазатын шығар енді», «Өздерің осылай қайта-қайта қарап, жазып танымал қыласыңдар. Сосын осындай әндер көбейіп жатыр», «Лағып өлең жазсаң, хит болады. Сосын сол арқылы ақша табамын деп отырған адамдар ғана мән-мағынасы жоқ ән шығарып айтады», «Қандай ессіздік, мынау енді шектен шығу», «Ұйқым келмейді» деген ән шығып еді. Енді «Маса» деген ән шықты ма?», «Шыбын мен ара ренжімесін, оларға бір ән шығарып жібер», «Ертең тарақан туралы ән шығады», «Ең жетпегені осы еді», «Қотыр болған соң солай жазған да әнді» деп жазды желі қолданушылары.
@torlet__torletМаса туралы Ән естіппедіңіздер😅. Естімесеңіздер тыңдап көріңіз 🦟 Ең қызық коментарийге 2000мың.♬ оригинальный звук - Torlet__Torlet