Талдықорғанда жасөспірім қызды көлікте зорлаған күдікті қолға түсті
Талдықорғанда жасөспірім қызды көлікте зорлаған күдікті қолға түсті
5,503
оқылды
Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті қолға түсті. Кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз кеше, 29 тамыз күні Талдықорған полициясына тапсырылған. Дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 120-бабының 3-1 бөлігі және 121-бабының 3-1 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Зорлау Тоyota Camry автокөлігінің салонында жасалғаны анықталды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Күдікті ретінде қалалық полиция қызметкерлері 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды.