Әзербайжаннан Ахмет Байтұрсынұлы түсірілген видео мен суреттер табылды
Әзербайжаннан Ахмет Байтұрсынұлы түсірілген видео мен суреттер табылды
443
оқылды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық ғалымдар Әзербайжан мұрағатынан қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы түсірілген видеоны тапқанын айтты. Министрдің айтуынша, видео 1926 жылы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Әзербайжанда Бірінші бүкілодақтық түркология құрылтайы өткен кезде түсірілген.
"8 минуттық видеода Ахмет Байтұрсынұлы 6 рет көрінеді. Бір қызығы съезде үш оператор жұмыс істеген. Біздің ғалымдар тауып әкелген видеодан бөлек, тағы екі аппараттың түсірген бейнежазбалары болуы мүмкін. Оны да алдағы уақытта табуды міндет етіп отыр жас ғалымдар", – деп жазды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеке парақшасында.
Сурет те сол құрылтайда түсірілген. Онда Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Біләл Сүлеевтер бар. Министр осы еңбегі үшін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, PhD Ермұхамет Маралбек пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әрлен Сейітбатқаға алғысын айтты.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Медетжан Ізғұтты (@medetzhan_izguttinov)