Тозығы жеткен электр қуаты желілерін 15 пайызға қысқарту жоспарланды
Тозығы жеткен электр қуаты желілерін 15 пайызға қысқарту жоспарланды
543
оқылды
"AMANAT" партиясы жанындағы Энергетика комитетінің отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Жолдауын талқылап, соның аясында жаңа тарифтік саясатқа көшу жайында сөз қозғалды. Екінші мәселе, энергетикалық кәсіпорындардың (2022-2023 жылдар) жылыту маусымына дайындығы туралы Энергетика вице-министрі Жандос  Нұрмағанбетов есеп берді. Энергетика вице-министрінің айтуынша, 2035 жылға қарай тозығы жеткен электр қуатының желілерін 15%-ға қысқарту үшін жыл сайынғы инвестицияларды 3 есеге арттырып, жаңа тарифтік саясатқа көшу шеңберінде тәсілдерді өзгерту қажеттігін айтты. – Бүгінде «Электр энергиясы нарығы» аясында салаға салынған инвестицияны қайтару үшін бөлінетін қаражат көлеміне шектеу қойып, 32 миллиард теңгеге белгілеген. Алайда оны 100 миллиард теңгеге дейін арттыру қажет. Өйткені электр энергиясы тарифтерін тежеу ​​бойынша қолданыстағы саясат инфляцияның өсуін толық есепке алмаған. Сонымен қатар  бұл саланың инвестициялық тартымдылығын ұмытпау керек. Сондықтан бұл тәсілді қайта қарау қажет, – дейді Энергетика вице-министрі Жандос Демесінұлы. Жылыту маусымына дайындықты талдау нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының жылыту маусымын әлі де назарда ұстау керегі анықталды. Отырысты Парламент Мәжілісінің депутаты, комитет төрағасы Дүйсенбай Тұрғанов жүргізді. Талқылауға қатысқандардың қатарында "AMANAT"  партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, «Энергоинвест ЛТД» ЖШС өкілі Анатолий Шкарупа, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Серік Тютебаев,  KEGOC АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев,  QCC  ЖШС басқарушы директоры Жақып Хайрушев, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» АҚ төрағасы Талғат Темірханов қатысты.