Өткен тәулікте 151 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте 151 адамнан коронавирус анықталды
Фото: sputnik.kz
281
оқылды
Бір тәулікте Қазақстанда 151 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Қызылорда облысында бірде-бір науқас тіркелген жоқ. Аймақтар бойынша: Астана қаласында – 16, Алматы қаласында – 13, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 35, Ақтөбе облысында – 9, Алматы облысында – 1, Жетісу облысында – 2, Атырау облысында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 8, Абай облысында – 4, Жамбыл облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 10, Қарағанды облысында – 12, Ұлытау облысында – 4, Қостанай облысында – 14, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 5, Солтүстік Қазақстан облысында – 11, Түркістан облысында – 2. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 392 885-ке жетті.