Белгілі блогер Дәулет Мұқаев "Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың статистикасын көбейтсе, шекараны жабамыз" деген ойға келді.
"Ақыры біз шекараны жаба алмайды екенбіз. Мынау Ресейге қатысты айтып отырғаным ғой. Менің ойымша, коронавирустың статистикасын көбейте беру керек. Үйреніп қалдық қой. Осы уақытқа дейін түрлі статистиканы көрдік. Сөйтіп, шекараны жауып тастау керек! Ойым – осы. Денсаулық сақтау министрлігі статистиканы көбейтіңіздер!", – дейді блогер.
Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараға кіріп-шығуға шектеу қою керек, бұл біздің елге төніп тұрған қауіп деген пікірде.