Белгілі әнші Төреғали Төрәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Алматы облысы ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желіде хабарлады.
Кеше әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәліге қатысты видео тарады. Онда Алматы облысындағы Көлсай көлінде әншінің гидке қол жұмсағаны жайлы айтылған. Кадр сыртындағы дауыстарға қарағанда әншінің мұндай әрекетіне гидтің оған дұрыс қарамағаны себеп болған.
Сондай-ақ видеода куәгерлердің пікірі келтірілген. Олардың бірі Төреғалидің гидті жөнсіз балағаттап, қабағын жарып, бірнеше дене жарақатын салғанын айтады.
"Бүгін, 30 қыркүйекте күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу істі дұрыс шешу мақсатында қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданатынын атап өтейін", – деді Рустам Абдрахманов.