Ауа райы: бүгін оңтүстікте үсік жүреді
Ауа райы: бүгін оңтүстікте үсік жүреді
Фото: kaztag.kz
521
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батыс, солтүстік, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, батысында екпіні 23 м/с дейін барады. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, аймақтың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел ұрып, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан тұрады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Ақтөбе облысының шығысында 1 градус үсік жүреді.