Дінді қазақ қыздарын қорлап, өздерінің құмарлығын қандыру үшін пайдаланып жүрген еркектер көбейді - заңгер
Дінді қазақ қыздарын қорлап, өздерінің құмарлығын қандыру үшін пайдаланып жүрген еркектер көбейді - заңгер
1,643
оқылды
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасына жат ағым өкілдерінің іс-әрекеті туралы видео салып, олардың қаншалықты қауіпті екенін айтты. "Бұлардан қауіп жоқ, не қауіп көріп тұрсың?" дейтіндер көрсін!", – деп жазды қоғам белсендісі.
"Еркекке өкпелеп, қоғамға зиян тигізетінін, адам өміріне қауіп төндіретінін ойламай үйді жаға салған! Адамда сана болмаса, алған діни ілімің бір тиын! Ертең адам шоғырланған жерді жара салудан да тайынбайды бұндайлар! Дінді қазақ қыздарын қорлап, өздерінің құмарлығын қандыру үшін пайдаланып жүрген еркектер қоғамда көбейді!", - деген содан соң Айгүл Орынбек.