Атырауда өткен тәулікте екі жүкті әйел көз жұмды
Атырауда өткен тәулікте екі жүкті әйел көз жұмды
© azattyq-ruhy.kz
802
оқылды
Марқұм болған жүкті аналардың екеуі де Мақат ауданынан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының бас дәрігері Асхан Байдуалиев айтты. Жүкті аналардың біреуі 12 қазан күні сағат 8-9 аралығында көз жұмған.
«Жүкті ана облыстық ауруханаға түскен. Науқастың жағдайы бір-екі күн ішінде асқынып кеткен. Науқас жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Екінші жағдай Мақат ауданында болды. 34 жастағы жүкті әйел бас ауруы, дене қызуына шағымданып, ауруханаға түскен. Жағдайының ауыр болуына байланысты науқас шұғыл реанимацияға жатқызылды.​ Атыраудан санитарлық авиация аттанып, науқасқа шұғыл реанимациялық көмек көрсетілді. Бірақ науқастың өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады. Сағат кешкі алты шамасында жүкті ананың жүрегі тоқтаған», – деп атап өтті Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдуалиев.
Жыл басынан бері Атырау облысы бойынша бес жүкті әйел қайтыс болған. Өткен жылы 20 жүкті әйел көз жұмған. Зерттеу көрсеткендей, оның ​ 16-сы коронавирус инфекциясы салдарынан қайтыс болып отыр. Дәрігерлер аналарға жүктілікті жоспарлауға, жүктілік бойынша уақытылы есепке тұруға, вирустық инфекциялардан сақтануға шақыруда.

Баян Жанұзақова