Бүгін Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары басталады. Бұл туралы Ақорданың Telegram арнасынан мәлімдеді.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екіжақты келіссөз өткізіп, маңызды құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр.