Әріптестердің ерен еңбегі еленді
Әріптестердің ерен еңбегі еленді
Республика күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мем­лекет басшысының Жар­лығымен марапатталған журналистерге, министрлік қыз­меткерлеріне, сондай-ақ салалық ұйым өкілдеріне наградалар тапсырды.
«Егемен еліміздің еңсе тіктеп, өр­кендеуіне біздің министрлік те өз үлесін қосып келеді. Ел мүддесі мен ұлт ұпайын түгендеу жолында аянбай қызмет ете берейік», – де­ді ведомство басшысы өз сөзінде.
Мемлекеттік наградаға ие болған азаматтардың қатарында Aikyn.kz сайтының бас редакторы Асқар Беков, «Литер» газетінің шығарушы редакторы Нұрғали Әбілдаев, сондай-ақ Аiqyn газетінің Солтүстік Қазақстан облысын­дағы тілшісі Роза Шәкен бар. Әріптестерімізді марапат­тарымен құттықтап, шығарма­шылық табыс тілей­міз.

А.ҚАЗАҚ