Бейнеу ауданынан Шетпе бағытына бет алған көлік жол үстінде тұрған екі түйені қағып кетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Lada Xray автокөлігінің жүргізушісі Бейнеу ауылынан Шетпе кенті бағытына қарай келе жатып, республикалық маңызы бар тасжолдың 93 шақырымында екі түйеге соқтығысты.
«Аталған дерек Бейнеу ауданы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.