Тарихи орындар картаға түсті
Тарихи орындар картаға түсті
Семей қаласындағы фи­зика-математика бағытын­дағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушы­лары Абай өңірінің мәдени-тарихи мұрасы жайлы ин­терактивті карта әзірледі. Аталған карта арқылы саяхат­шылар қасиетті өлкенің тарихи орындары арқылы 3 тілде ақпарат ала алады. Жас өнертапқыштар бұл өнертабыстарына авторлық құқық та алып үлгерді.
«Картамыз әзірге макет түрін­де жасалды. Деген­мен саяхатшыға қажетті ақпараттың барлығын қам­тыдық деп айта аламын. Неге десеңіз, Семей – Қарауыл күре жо­лы­нан бастау алатын карта маршрутында Күшікбай асуынан Бөрілідегі М.Әуезов мұражай-үйі, Қасқабұлақ, Ойқұдық, Еңлік-Кебек үңгірі, Ералы жазығы, Әй­герім қыс­тауы, Жидебайдағы мемориалды кешенге дейінгі та­рихи-мәдени орындар жайлы мол мағлұмат береді», – дейді жоба ав­торларының бірі Мирас Айт­бек.
Картадағы ақпараттарды оқымай, тыңдағысы келетіндер үшін аудиожазба енгізілген. Оқушылар болашақта карта макетін толыққанды сайтқа ай­нал­дырып, оны интернетсіз жұ­мыс істетуді мақсат етіп отыр.

А.ҚАЗАҚ