Ал облыстық перинаталдық орталық жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге стационарлық және стационарды алмастыратын нысанда мамандандырылған көмек береді. Ғимарат тәулік бойғы 220 төсек орынмен, сондай-ақ стационарды алмастыратын 80 төсек орынмен жабдықталған.
Аталған мекемелердің жұмысымен толық танысқан соң облыс әкімі қалалар мен аудандардың әкімдеріне, сондай-ақ сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде жоғары қауіпті жүктілік тобындағы әйелдерді пансионатқа жатқызуды және оларды тасымалдауды облыстық деңгейде қамтамасыз етуді; перзентхананың жас медицина мамандарын әлеуметтік қолдау мүмкіндігін қарастыруды; кадрлар даярлауға арналған гранттарды ұлғайтуды тапсырды.
Бұдан бөлек, облыс әкімі медицина саласы басшыларына экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп, шетелдік және республикалық клиникалардағы өзекті тақырыптар бойынша медицина персоналының біліктілігін арттыруға қосымша қаражат бөлуді қарастыру қажет екенін айтты.
А.ҚАЗАҚ