Сеулде Хэллоуин құрбандарын еске алу рәсімі өтті (видео)
Сеулде Хэллоуин құрбандарын еске алу рәсімі өтті (видео)
967
оқылды
Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кешінде болған қайғылы оқиғаның құрбандарын еске алу рәсіміне ондаған мың адам қатысты. ҚазАқпарат мәлімдеді мұны.  30 қазанға қараған түні тар көшеде адамдар тобының легінен мерекеге келгендердің тапталу оқиғасы салдарынан 156 адам қаза тапты. Полицияның мәліметінше, сол кезде онда қаланың 100 мыңнан астам тұрғыны мен қонақтары жиналған. Бұл Оңтүстік Корея астанасында маска тағу міндеттелмеген алғашқы бұқаралық іс-шара болған еді. Айта кетейік, қаза тапқандар арасында қазақстандық студент қыз бар.Ол – Ақтөбе облысының тумасы, 1996 жылғы қазақстандық Кореядағы жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүрген.