Тұрсынбекова теледебатта бесінші болып сөз алады
Тұрсынбекова теледебатта бесінші болып сөз алады
412
оқылды
10 қарашада Астанада жеребе тасталды, шара барысында Президенттікке кандидаттардың теледебатында сөз сөйлеу тәртібі анықталды.  Ресми шараға барлық үміткерлердің штаб басшылары қатысып, реттік нөмірлерін таңдады. Жеребе нәтижесінде бесінші болып құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова сөз сөйлейтіні белгілі болды.  Пікірсайыс 11 қараша күні  сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Онда үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, бір-біріне сұрақтар қояды, сондай-ақ қазақстандықтардың сауалдарына жауап береді.  Үміткерлерге сұрақ қойғысы келетіндер 10 қарашаға дейін телеарнаның арнайы электронды мекенжайына ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнежазба жолдауы тиіс. Еске салайық, Салтанат Тұрсынбекова - қоғам қайраткері, құқық қорғаушы, екі баланың анасы.  Ол соңғы жылдары елімізде ең көп талқыланатын және резонансты тақырыптардың бірі – отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресудегі көп жылғы қажырлы еңбегімен танымал.