Құлжа тасжолында көлік жуу орны өртеніп кетті
Құлжа тасжолында көлік жуу орны өртеніп кетті
405
оқылды
12 қарашада сағат 21.00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында Құлжа тасжолының 27-шақырымында көлік жуу орны өртенді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Жалын бір қабатты ғимаратты түгел шарпыған. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер өртті сағат 22.49-да сөндірді.
"Өртсөндірушілер келгенге дейін оқиға орнынан Есік орталық аудандық ауруханасына ІІ дәрежелі термиялық күйікпен 1982 жылы туған әйел жеткізілді. Күйік орны - 30 пайыз, жағдайы ауыр деп бағаланған. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. 1996 жылы туған ер адам II дәрежелі термиялық күйік алған. Денесінің күйік шалған жері - 30 пайыз. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр", - деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Кульджинский тракт 🚦 (@kris_p_kuljinka)