Кезектен тыс ҚР президенті сайлауының үшінші Exit poll нәтижесі жарияланды.
«31» телеарнаның тапсырысымен «СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ сайлауда Exit poll жүргізді.
Кезекті Exit poll нәтижесі мынадай:
Қарақат Әбден – 2,84%;
Нұрлан Әуесбаев – 2,38%;
Жигули Дайрабаев – 3,68%;
Мейрам Қажыкен – 2,62%;
Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%;
Салтанат Тұрсынбекова – 2,24 %;
Бәріне қарсымын – 4,22%.
Бұған дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен «Ашық қоғам» өңірлік зерттеу халықаралық институты және «AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты өздері жүргізген Exit poll нәтижесін жариялаған болатын.