Павлодар полиция департаментінің экс-басшысы Мәсімовке қатысты сот басталды
Павлодар полиция департаментінің экс-басшысы Мәсімовке қатысты сот басталды
415
оқылды
Павлодар облысының экс-басшысы Нұрлан Мәсімовке пара алды және қаржы жымқырды деген айып тағылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.
– Бүгінге Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау тағайындалған, – деді баспасөз қызметінде. – Алдын ала тыңдау қорытындысы бойынша негізгі сот отырысы белгіленіп, оған журналистер тартылады.
Былтыр 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен кеткен еді. Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін іздестірілген. Нұрлан Мәсімовтің қайда жүргені туралы ақпарат бергені үшін 12 млн теңгеге дейін сыйақы жарияланған болатын. Нұрлан Мәсімов – ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.