ҚазАвтоЖол жабық тұрған трассаларды атады
ҚазАвтоЖол жабық тұрған трассаларды атады
212
оқылды
ҚазАвтоЖол мәліметінше, осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.
«Шектеулер Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан республикалық тасжолдарға қатысты. Жабық учаскелер алдында жүк және қоғамдық көліктердің кептелісі тіркелген жоқ» делінген компания мәліметінде.
Қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты жүк және қоғамдық көліктер үшін келесі учаскелерде жол жабық: – «Самара-Шымкент» тасжолы, Батыс Қазақстан өңірі шекарасы – Құршасай ауылы аралығы; – «Самара-Шымкент» тасжолы, Экойл жанармай бекеті – Қарабұтақ ауылы аралығы; – «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы»; – «Самара-Шымкент» тасжолы, Подстепное ауылы – Ақтөбе облысы шекарасы аралығы; – «Атырау-Орал» тасжолы, Атырау облысы шекарасы – Орал қаласы аралығы. Республикалық жолдарды тазартуға 300 арнайы техника жұмылдырылды.